Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында семинар өтті.
01
декабрь
2023

«Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында семинар өтті.

    2023 жылдың 28 қараша күні сағат 10.00 де Шу қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің базасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Лайсханов Шахислам, Усенов Нурбол, Алиаскаров Думан, Нұрмахамбетұлы Жанболат атты жас ғалымдарының ұйымдастыруымен «Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында орта білім беру мекемелерінің география пәні мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді (1 күн) біліктілік арттыру курсы өтті. Осыған орай, аталған курсқа ауданымыздың әр мектебінен 1 география пәні мұғалімі келді. Курс барысында жас ғалымдар мұғалімдерге география пәнін оқытуда геоақпараттық технологиялардың маңызын, қолдану негізін және оқу әрекетіндегі дәстүрлі оқытуды өзгерту, әрі жаңа идеяларды пайдалануды ұсынды. Курс соңында әр пән мұғалімдеріне сертификаттар берілді, мұғалімдер курстан алған әсерлерімен бөлісіп, Абай атындағы ҚазҰПУ нің жас ғалымдарына алғыстарын білдірді.