Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018 - 2019 оқу жылының міндеттері:
16
май
2019

2018 - 2019 оқу жылының міндеттері:

2018 - 2019 оқу жылының міндеттері:
2018 - 2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ МАҚСАТЫНДА, ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР ҚОЯДЫ


Мектептің проблемасы:
«Оқу үрдісінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»

Мақсаты:
- Жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқыту сапасын бақылау және бағалау, оқушылардың топтық жұмыс жасауға дағдыландыру;
- Білім берудегі инновациялық- ақпараттық технологияларды меңгеруге қалыптастыру;
- Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген орта жасауға бағыт беру және қала мектептерімен тәжірибе алмасу.

Міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру.
2. Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасын стандарт деңгейіне көтеру.
3. Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына, пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете оытырып, дарынды тұлғаны анықтау.
4. Білім беру үрдісін технологияландыруды жүзеге асыруда ұсыныстар даярлау, оны пайдаланудың тиімділігін арттыру.