Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2019

МЕКТЕП САЙТЫ

Құрметті оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!
Шу қаласы әкімдігінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке сайты ашылды.
Оқу -тәрбие үрдісі өте күрделі процесс. Бұған қоғамдық орта, ата-аналар да белсене араласу керек. Ең үлкен бақыт - тәуелсіз Отанымыз! Ал осы Отанымыздың іргесі берік, тұғыры мықты болуы - білімді ұрпақ қолында. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіне бей - жай қарамай, барлығымыз да үлесімізді қосайық. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ", - деп бекер айтылмаса керек. Құрметті ата-аналар! Мектеп, сынып жайлы және балаңыздың білімі жөнінде мәліметтерді осы сайт арқылы біле аласыздар. Көкейде жүрген ойыңыз, өзіңізді алаңдатып жүрген сұрақтар төңірегінде де пікір алмасуға болады. Іске сәт!

Мектеп сайтын жасаудағы басты мақсат – мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Мектебімізде білім және тәрбие беру салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымызды бірыңғай ақпараттық кеңістік арқылы басқа пайдаланушыларға ұсына білуге қалыптасу. Электронды оқыту http://muratbaev-shu.mektebi.kz бағдарламасын қолдану аясын кеңейту.

Міндетіміз - ақпараттық кеңістіктегі жарияланып жатқан өз саламыздағы түрлі материалдарды пайдаланушы ғана емес, оған қоса ұжым мүшелерінің әрқайсысының өздігінше ізденіп, оқу-тәрбие жұмысында жаңа технологияларды пайдаланудағы жұмыс нәтижелерін басқалармен бөлісуге үйрету, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығын насихаттау, олардың беделін көтеру.