Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Халықаралық " TIMSS және PIRLS зерттеулері бойынша «TIMSS және PIRLS» халықаралық зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар
15
декабрь
2022

Халықаралық " TIMSS және PIRLS зерттеулері бойынша «TIMSS және PIRLS» халықаралық зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар

Болашақтың өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса
Білім ордасының алтын бесігі, қайнар бұлағы ол – мектеп. Мектептің жүрегінің дүрсілі, тынысы ол – мұғалім. Мұғалімнің қазынасы – шәкірттері. Сондықтан да көреген педагог тек қана шәкірттеріне моральдық құндылықтарды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі технологиялардың көмегімен шәкірттеріне заман талабына сай білім беруі керек.
Осы бағытта, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп ұжымы
«Оқу-тәрбие үрдісінде оқытумен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып , білім сапасын көтеру» бағытында жұмыс жасап, бүкіл еліміздегі азаматтық қоғам үшін білім беру саласындағы негізгі қажеттілік- мектеп оқушыларына сапалы білім берумен тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандартына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатады. Соған байланысты Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің бастауыш бірлестігі дамыған 50 елдің қатарына қосылуға өз үлестерін қосу мақсатында Халықаралық " TIMSS және PIRLS зерттеулері бойынша «TIMSS және PIRLS» халықаралық зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында аудан көлемінде ауқымды семинар өткізді. Ауданның 48 мектебінен мұғалімдер қатысып, іс-тәжірибе алмасты. Мұндағы мақсатымыз білім жетістіктерін анықтауды мақсат ету. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған.Семинарға келген мұғалімдер зерттеудің мақсатын түсініп, болашақта күнделікті сабақтарында қолданатындарын айтты.
Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім-дей отыра, өз ұжымыма- келешегіміздің кемелді тұтқасын ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп отырғандықтан, білім жолындағы біліктілік пен шеберлікті және талмас ұшқырлықты,Отанымызға деген сүйіспеншілікті, ата дәстүрге деген құрмет пен адалдықты жас ұрпақтың бойына қалыптастыруда - қажырлы қайрат тілеймін!
Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оналбаева Кульсара Сеилхановна