Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа ғасырға лайық педагог маман даярлаудың тиімді жолдары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
20
март
2024

«Жаңа ғасырға лайық педагог маман даярлаудың тиімді жолдары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

      2024 жылдың ақпан айының 19-ы күні 11 «Ә» сынып жетекшісі Нуртаева Гулбайрам Сейтжановна «Жаңа ғасырға лайық педагог маман даярлаудың тиімді жолдары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Бәріміз білетіндей, ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның және ғылымның дамыған заманы. Жас ұрпақпен жұмыс істей отырып, мұғалімдер оқушылармен байланыс орнатуға және олардың тікелей жұмыс міндеттерін мүмкіндігінше тиімді орындауға көмектесетін белгілі бір жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы тиіс.
     Қазақтың ұлағатты тұлғасы М. О. Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген ұлы сөзі бар. Бұл сөздің астары жас ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі, сондай — ақ ұрпағымыздың сапалы білім егесі болуы тиіс дегенді білдіреді. Ал қазір менің алдымда оқушы ертең үлкен оқу орнының студенті аталғалы отырған оқушыларыма айтар сөзім «мамандық таңдау – өмірді таңдау» сондықтан өз мамандықтарыңды таңдаған кезде өздеріңізге сенімді болыңыздар.