Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы Х А Т Т А М А № 13
02
февраль
2024

Лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы Х А Т Т А М А № 13

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ

     Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
Х А Т Т А М А № 13
                                                                                                                 
Шу қаласы                                                                                                                                                        30.01.2024 жыл

Қатысқаны: 7
Күн тәртібіндегі мәселе:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «22» желтоқсандағы № 513 бұйрығына қосымша мектептегі тарих пәні (орыс сыныптары) бойынша уақытша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz желісінде конкурс жарияланды.
2. Тарих пәні (орыс сыныптарына) мұғалімі лауазымдық міндетіне өтініш беріп отырған Молчанова Наталья Алексеевнаның өтініші негізінде комиссия мүшелерімен отырысы ұйымдастырылды.
1.Бірінші мәселе бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Оспанкулова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі тарих пәні мұғалімі лауазымдық міндеті бойынша уақытша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz желісінде конкурс жарияланғанын айтты. Педагог анықтамасымен қоса №57 бұйрықтың 154 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы болды.
Осы ұсынылған құжаттарды басшылыққа ала отырып конкурсттық комиссия өткізілді.Конкурсттық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 16 қосымшадағы тиімділік көрсеткішінің максималды баллын есептегенде 9 балл болғандығын атап айтты.
2.Екінші мәселе бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Оспанкулова сөйледі. Ол күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хатшы Г.Н.Тойшыманға сөз кезегін берді. Молчанова Наталья Алексеевна Алматы қаласы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша 07.06.2021 жылы тәмамдаған. Алматы қаласыдағы №22 мектеп гимназиясында 01.09-15.10.2021ж. аралығында тарих пәні мұғалімі болып қызмет жасаған. Жалпы еңбек өтілі жоқ. Комиссия мүшелері әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан, сонымен қатар пәнге байланысты сұрақтарын қойды.

Шешімі:

1. Комиссия мүшелер Молчанова Наталья Алексеевнаның тарих пәні лауазымдық міндетке лайық деп бірауыздан дауыс берді.Наталья Алексеевнаның жинаған балы –9.
Жарияланған бос орындарға өтініш білдіргендер және конкурстан жинаған ұпайларының есебінен аталған үміткерлер қабылдануға ұсынылды.