13
сентябрь
2023
Конкурстық комиссиясының отырысы.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
Х А Т Т А М А №3
Х А Т Т А М А №3
Қатысқаны:
7 11.09.2023 жыл Шу қаласы
Күн тәртібіндегі мәселе:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мен әдебиеті, тарих пәні,педагогика және психология пәндері бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz желісінде конкурс жарияланды
2. Ағылшын тілі пәні мұғалімдігіне үміткер Қырғызстан Республикасының И.Арабаев атындағы университеттің шет (ағылшын тілі) тілі мамандығын 2023 жылы алып шыққан, нострификациясы бар Горшнякова Оксана Анатольевна және қосымша білім беру педагогына үміткер, М.Х.Дулати атындағы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2023 жылғы бітірген түлек Несіпбай Шапағат Бауыржанқызы өтініштері негізінде комиссия мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды.
1. Комиссия мүшелері ағылшын тілі пәні мұғалімі Горшнякова Оксана Анатольевна осы лауазымдық міндетке лайық деп бірауыздан дауыс берді. О.А.Горшнякованың жинаған балы-16,5. Қосымша білім беру педагогы орнына үміткер Ш.Б.Несіпбайдың жинаған балы – 13.
Жарияланған бос орындарға өтініш білдіргендер және конкурстан жинаған ұпайларының есебінен аталған үміткерлер қабылдануға ұсынылды.
Комиссия мүшелері:
1. Оспанкулова Л. К. – комиссия төрайымы, директордың
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2. Сыздыкбекова Т.Ш. – комиссия мүшесі, орыс тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
3.Нусипова Ү.Ж. – комиссия мүшесі, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
4. Садыгулова К. - аудандық білім бөлімінің әдіскері
5. Молчанова Н.А. – АБайтұрсынұлы ат. гимназиясының орыс
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Махмедова А.Т. – хатшы


