14 ақпан күні «Тіл тағдыры - ұлт тағдыры» тақырыбында.
Мектебімізде 14 ақпан күні «Тіл тағдыры - ұлт тағдыры» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндік айлығының шеңберінде Ақшалова Индира Бақытқызының ұйымдастыруымен «Сәкен- жырдың сарқылмас дариясы» атты презентация байқауы өткізілді. Жас ұрпақты Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілген байқауға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Белсенді қатысқан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.