Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Шашақты найза, шалқар күй».
24
октябрь
2023
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінде
   Диплом 8 – 11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша жеңімпаз Шу қаласы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Өтемұрат Нұрсұлтан «Бас жүлделімен» марапатталды.Жетекшісі: Шавипбаева Г.П
“Тал отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру” республикалық экологиялық сенбілік аясында ұйымдастырылды.
23
октябрь
2023
“Тал отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру” республикалық экологиялық
    Мектебімізде 2023 жылдың Республика күні мерекесіне орай “Жаңа Қазақстан.Таза табиғат” аясында ағымдағы жылдың 21 қазан күні сенбілік ұйымдастырылып, және “Тал отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру” республикалық экологиялық сенбілік аясында ұйымдастырылды. Сенбілікке мектеп ұжымдары және Жасұландықтар да ат салысты.
“Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб өткізілді.
09
октябрь
2023
“Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб өткізілді.
     Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар бойынша 2023 жылдың 4 қазан күні педагогикалық мамандық беделін арттыру мақсатында “Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб өткізілді. Флешмобқа жоғары сынып оқушылары қатысып, педагогикалық мамандыққа түсуді жоспарлап отырған Табыс Арсен қатысты.
Жазғы сауықтыру лагері – 2023 ж.
20
июнь
2023
Жазғы сауықтыру лагері – 2023 ж.
Жазғы сауықтыру лагері – 2023 ж. Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде “Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты, 16.06.2023 ж. Мақсаты: 1) Лагерь сөзінің мағынасын ашу. Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалық шақтың ең қызықты күндерін есте сақтау 2) Ой – өрісін, шығармашылық есте сақтау қабілеттерін арттыру. 3) Сыйластыққа, ізгілікке, Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу. 4) Оқушылардың логикалық өрісін кеңейтіп, есте
Здравствуй, лето!
30
май
2023
Здравствуй, лето!
Сегодня т.е. 29 мая в средней школе имени Гани Муратбаева прошёл праздник в 1"Г" классе " Здравствуй, лето! Ученики пели песни, танцевали, участвовали в конкурсах. Мероприятие прошло интересно и содержательно. А завершилось сюрпризом, который организовали родители учащихся.
"Менің мектебім буллингке қарсы"атты жалпы республикалық флэшмоб өткізілді.
25
май
2023
"Менің мектебім буллингке қарсы"атты жалпы республикалық флэшмоб
Ағымдағы жылдың 19 -мамырында Ғани Мұратбаев мектебінде "Менің мектебім буллингке қарсы"атты жалпы республикалық флэшмоб өткізілді. Мақсаты: Қоғам назарын қауіпсіздік мәселелеріне деген саналы көзқарасын аудару.
"Көңілді жігіттер" құрамасы өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
24
май
2023
"Көңілді жігіттер" құрамасы өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
   2023 жылдың 19 мамыр күні Төле би ауылы Аудандық Мәдениет Үйінде Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен Шу қалалық Жайдарман лигасының ұйымдастыруымен өткізілген финалдық сайыста Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің "Көңілді жігіттер" құрамасы өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар "Үздік ойыншы" номинациясын мектебіміздің 7 "Ә" сынып оқушысы Батырхан Нұрболат және 3 "А" сынып оқушысы Тойшы Дидар иеленді.
"ALNUR TOP TEAM" клубының ұйымдастыруымен.
19
май
2023
"ALNUR TOP TEAM" клубының ұйымдастыруымен.
   Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 5 "Ә" сынып оқушысы Юсупов Нұрғиса. Салыбаев Сұлтаналы Салыбайұлы - Ұлы Отан соғыс ардагері мен Салыбаева Күлпаршын Бірімқұлқызы - тыл ардагерін еске алуға арналған "ALNUR TOP TEAM" клубының ұйымдастыруымен өткен "Ата-қазақ Жекпе - Жек ұлттық спорт түрінен балалармен жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық турнирден" І - ші орын иеленеді.
"Жасыл мекен" экологиялық челленджі ұйымдастырылды.
17
май
2023
"Жасыл мекен" экологиялық челленджі ұйымдастырылды.
  Білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамыту мақсатында 6 - 7 сыныптар арасында "Жасыл мекен" экологиялық челленджі ұйымдастырылды. Челленджде оқушылар мектеп ауласына тал отырғызып, жасылдандыру жұмыстарын жүргізді.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" атты тақырыбында 9 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
16
май
2023
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" атты тақырыбында 9 сынып оқушыларымен
  Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында мектеп инспекторы полиция капитаны Жабасбаев Б.С "Құқық бұзушылықтың алдын алу" атты тақырыбында 9 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.