Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«І дәрежелі»  дипломмен марапатталды.
02
ноябрь
2023
«І дәрежелі» дипломмен марапатталды.
    Шығармашыл оқушылар арасында өткізілген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты өнер байқауында «Жазушыға арналған өзге ақындардың арнауы» номинациясының жеңімпазы Шу қаласы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Нұриева Жанерке « І дәрежелі дипломмен » марапатталды. Жетекшісі: Абдиева К.А.
"Көңілді жігіттер" құрамасы өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
24
май
2023
"Көңілді жігіттер" құрамасы өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
   2023 жылдың 19 мамыр күні Төле би ауылы Аудандық Мәдениет Үйінде Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен Шу қалалық Жайдарман лигасының ұйымдастыруымен өткізілген финалдық сайыста Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің "Көңілді жігіттер" құрамасы өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар "Үздік ойыншы" номинациясын мектебіміздің 7 "Ә" сынып оқушысы Батырхан Нұрболат және 3 "А" сынып оқушысы Тойшы Дидар иеленді.
«Художественная речь»
10
май
2023
«Художественная речь»
    Диплом І место Республиканского конкурса творчество среди детей и подростков «Кең дүние, түсінді аш, мен келемін» награждается Турабай Ерасыл Омирбекович в номенаций «Художественная речь». Руководитель: Ахмедова Т.А.
7 - 8 сыныптар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы
05
май
2023
7 - 8 сыныптар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы
   Оқушыларды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Ұлы Жеңістің 78 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 31 жылдығына орай тәрбие орталығының ұйымдастыруымен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай 2 мамыр күні 7 - 8 сыныптар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы өткізілу барысында оқушылар байқауға белсене қатысып жүлделі орынға ие болған сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.
5 - 6 сыныптар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы өткізілді
05
май
2023
5 - 6 сыныптар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы өткізілді
    Оқушыларды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Ұлы Жеңістің 78 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 31 жылдығына орай тәрбие орталығының ұйымдастыруымен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай 2 мамыр күні 5 - 6 сыныптар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы өткізілді.    Өткізілу барысында оқушылар байқауға белсене қатысып жүлделі орынға ие болған сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.
" Бокс - 2023 "
03
май
2023
" Бокс - 2023 "
    Мадақтама 2009 - 2016 ж. т. жасөспірімдер арасында бокстан Республикалық ашық турнирінде 34 салмақ дәрежесінде ІІ орын алған үшін Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 5 «В» сынып оқушысы Надырхан Нұрхат марапатталды.
"Жігіт сұлтаны – 2023" байқауы.
02
май
2023
"Жігіт сұлтаны – 2023" байқауы.
   Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, жөн – жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мектепаралық "Жігіт сұлтаны – 2023" байқауында ерекше көзге түсіп, "Жігіт сұлтаны" атанған мектебіміздің  7 "Ә" сынып оқушысы - Батырхан Нұрболат. Жарайсың, Нұрболат!
«Абай оқулары»  байқауы.
28
апрель
2023
«Абай оқулары» байқауы.
     Диплом ІІІ дәрежелі аудандық «Абай оқулары» байқауында «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша дараланған Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 8 оқушысы Айтқұл Мейрамбек марапатталды. Жетекшісі: Абдиева К.А
«Шешендік өнер» үйірмесінен «Қазақ ертегілері» атты аудандық байқау.
18
апрель
2023
«Шешендік өнер» үйірмесінен «Қазақ ертегілері» атты аудандық байқау.
    2023 жылдың ақпан айында оқушылар сарайында «Шешендік өнер» үйірмесінен «Қазақ ертегілері» атты аудандық байқауға қатысып Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Асқар Інжу ІІІ орынға марапатталды. Жетекшісі: Бекбаева Нағима Ауесбекқызы.
4 "А" сынып оқушылардың жетістіктері.
17
апрель
2023
4 "А" сынып оқушылардың жетістіктері.
   10.04.2023 жыл күні «ALTYN TOBYLGY» ғылым мен білімді қолдау орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген республикалық «ALTYN TOBYLGY» зияткерлік олимпиадасында ІІІ орынға ие болған 4 "А" сынып оқушылары Нұрділді Нурислам Жасұланұлы, Асқар Мұстафа Манасұлы, Нүсібек Жақсылық Нұрланұлы, Оңласын Кәусар Ақботақызы, Аманжан Инкар Бактияркызы, Айбатбек АруАйша Нурболатқызы. Жетекшісі: Мамбетова Улжан Мубараккызы.