15
февраль
2024
МИ айлығының жабылуы салтанатты.
МИ айлығының жабылуына орай «Жасанды интеллект» мұғалімдер арасында интеллектуалды шоу өтті. Шоуымызды әсем әуенмен сәлемдесуден бастадық.Содан кейін Бердимуратова Ж.А., мұғалімдермен тренинг өткізіп, екі топқа бөлді. Шоуды информатика пәнінің мұғалімі Утепбергенова Н.Д., жасанды интеллект бағдарламасы арқылы жалғастырдық. Әрмен қарай Ұлмахан Ғ.М., өзінің математикалық фокустарын көрсетіп мұғалімдерді таң қалдырды. Сондай – ақ басқа да мұғалімдер,атап айтсақ Куздеубаева А.О., Утельбаева Р.Т., Адаева С.В., Маханова С.Н., мұғалімдермен түрлі ойындар өткізді. Бағдарлама бойынша геометриялық фигуралар құрастыру, логикалық есептер шығару,есеп шығара отырып суретті бояу, т.с.с., тапсырмалары орындалды. Шоу қызық тапсырмаларымен, көңілді сайыстарымен тартымды болды. Шоуға қатысқан ұстаздар мен көрермендер ризашылықтарын білдірді.
