Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қамқорлық" акциясы туралы мәлімет
07
февраль
2019

"Қамқорлық" акциясы туралы мәлімет

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 2019 жылдың
10 қаңтар - 10 аралығында өткен
"Қамқорлық" акциясы туралы мәлімет

2019 жылы 10 қаңтардан 10 ақпан аралығында Жалпыға білім беру жөнінде айлығы мен «Қамқорлық» акциясы өткізілді.
Жалпыға білім беру жөнінде айлығы мен « Қамқорлық» акциясы бойынша бұйрық шығарылып, жоспар құрылды және бекітілді.Мөлтек ауданның көшелері мұғалімдерге бұйрықпен бекітіліп, балаларды жалпыға міндетті оқумен қамту мақсатында аулалар мен пәтер аралау жүргізілді.
Мұғалімдер өз есеп беру барысында оқумен қамтылмаған балалар мен жасөспірімдер анықталмады.
Мектепішілік жалпыға бірдей оқумен қамту екі штаб отырысы өткізілді.
Директордың құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры мөлтек аудандар бойынша көшелерде, сауда саттық орталығында , темір жол бекетінде, қоғамдық орындарда кешкілік рейдтерді аудандық ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді. Оқушылардың сабаққа қатысуы үнемі қадағаланып отырды.Сонымен қатар ыстық тамақпен қамту барысында ата-аналар тарапынан ас мәзірімен танысып, балалардың сапалы тамақтанатындығы бақыланды.
«Қамқорлық» акциясы аясында демеушілер мен меценаттарды тарту мақсатында мөлтек ауданда орналасқан сауда орындары мен қоғамдық орындарға үндеу парақшалары ілінді. Соның нәтижесінде, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан бес оқушыға Сахзавод мөлтек ауданының тұрғыны Сейпилова Людмила 30 000 тг. (қыстық аяқ киім) демеушілік көрсетті.
Шу аудандық маслихатының депутаты А.Рахымбаева аз қамтылған отбасынан шыққан екі оқушыға 20 000 тг. қыстық аяқ киімдер алып берді.
ЖК «Арынова » мектептің арнайы түзету сыныбының 15 оқушысына 25000 тг көлемінде сыйлықтар беріп, демеушілік көрсетті.
Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 25 оқушыға Сахзавод мөлтек ауданының тұрғыны Ильясов Әзілхан 30 000 тг. (кеңсе тауарын) алып берді. 4 «Б» сыныбының ата-ана комитеті Садыркулова Теміркүл 25 000 тг көлемінде екі оқушыға (қыстық куртка) көмек көрсетті. Мектебіміздің кітапханашысы А.Ұзақбаева 4 оқушыға 10000 тг. қыстық бас киім алып берді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі И.Б.Ақшалова бір оқушыға 3000 тг көмек көрсетті.
1-4 сыныптар арасында «Тәтті жәрмеңкесі » ұйымдастырылып, 44 000 тг аз қамтылған отбасынан шыққан 9 оқушыға көмек көрсетілді.
Жалпы көрсетілген көмек көлемі: 187 000 тг