Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 қазан - Ұстаздар күніне орай "Ұстаз аты биік- әрі мәңгілік..." тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді.
12
октябрь
2023

5 қазан - Ұстаздар күніне орай "Ұстаз аты биік- әрі мәңгілік..." тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді.

   Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлкеттік мекемесінде 5 қазан - Ұстаздар күніне орай "Ұстаз аты биік- әрі мәңгілік..." тақырыбында мерекелік іс шара өткізілді.Салтанатты іс-шараны мектеп директоры А.А.Шаймаш құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Салтанатты шара Тәрбие орталығы мен 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Бағдарлама барысында 11 сынып оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы лебіз тілектері мен алғыстарын білдірді. Іс – шараның соңында, оқушылар Ұстаздарға хор арнап, өздерінің ән, билерін арнады.
   Мақсаты: Оқушылар ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.