Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» тақырыбында дебат өткізілді.
09
сентябрь
2023

«Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» тақырыбында дебат өткізілді.

    «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» тақырыбында дебат өткізілді. Іс-шаралар қыркүйектің 5-і мен 11-і аралығына жоспарланған.
   Тіл мемелекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.