28
ноябрь
2023
Темір жол колледжіне экскурсия ұйымдастырылды.
2023 жылдың 22 қараша күні жұмыс жоспарға сәйкес темір жол колледжіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға кәсіби бағдар беруші А.Сарсенбаева, лаборант Г.Ботаева және 9 «А» сынып оқушылары қамтылды. Темір жол колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Т.М.Абдуллаев оқушыларды жылы шыраймен қарсы алды. Оқушыларды 5 мамандық бойынша таныстырды. Атап айтатын болсақ темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану және техникалық қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару, электр жабдықтары және дәнекерлеу ісі.