22
июнь
2022
17 маусым күні мектеп бітіруші 50 түлекке орта мектепті, 117 оқушыға негізгі мектепті бітіру аттестатын тапсыру рәсімі өтті.
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 2022 ж. 17 маусым күні мектеп бітіруші 50 түлекке орта мектепті, 117 оқушыға негізгі мектепті бітіру аттестатын тапсыру рәсімі өтті. Мерекелік іс – шараға ата – аналар мен мектеп ұстаздары қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Н.Шалбаева Бейсенбай Шұғылаға «Алтын белгі» төсбелгісін, Рахманқұл Шапағатқа үздік аттестат, негізгі мектеп бітірген 8 оқушыға үздік аттестаттарын тапсырды. Мектептен түлеп ұшқан жалынды жас түлектерге "Ақ жол, сәт сапар!" тілейміз!













